• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
24 Желтоқсан, 2013

Солтүстік Қазақстан облыстық сотына жаңа төраға тағайындалды

275 рет
көрсетілді

Жоғарғы соттың қылмыстық істер жөніндегі қадағалаушы сот алқасының төрағасы Ақылтай Қасымов Солтүстік Қазақстан облыстық сотының қызметкерлеріне ұжымның жаңа басшысы Мұратғали Абрарұлы Әкетайды таныстырды.

М. Ә. Абрарұлы 1995 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген. Еңбек жолын Алматы қаласы әділет басқармасының бас маманы қызметінен бастаған. Ал 1998 -2001 жылдар аралығында жоғарыда аталған басқарма басшысының орынбасары, сондай-ақ Шығыс Қазақстан облыстық сот жүйесінде төраға қызметтерін атқарды.

2009-2012 жылдары Шығыс Қазақстан облысы прокурорының бірінші орынбасары, 2012 жылдан жаңа қызметке тағайындалғанға дейін облыстық соттың қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот төрағасы болған.

Жоғарғы соттың өкілі облыстық сот ұжымына жаңа басшыны таныстыру кезінде оның жұмысына сәттілік тіледі.

Өмір Есқали,

Солтүстік Қазақстан облысы.

Соңғы жаңалықтар