• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
24 Желтоқсан, 2013

Франция хирургтары науқасқа жасанды жүрек қойып берді

313 рет
көрсетілді

Франция хирургтары әлемге бұрын-соңды болмаған жаңалық ашып, толыққанды жұмыс істеп тұрған жасанды жүректі науқасқа қойып берді. Бұл туралы Utro.ru хабарлады.

Операция Париж қаласында орналасқан Жорж Помпиду атындағы ауруханада жасалды. Дәрігерлер қазіргі уақытта науқастың жағдайы жақсы әрі бірқалыпты екенін мәлімдеді. Теңдесі жоқ операция 75 жастағы қарияға жасалды.

«Yoki» газетінің ақпары бойынша, EADS әуе-ғарыш концерні мамандарының көмегімен жасап шығарылған жаңа құрылғы биологиялық жүрек сияқты жұмыс істейді. Жаңа құрылғының өзге жасанды жүректерден ерекшелігі, ол науқасқа физикалық ауыртпалық түскен жайғдайда жүрек қағысын сырттан реттеуді қажет етпейді. Оған қысым мен биіктік датчиктері орнатылған. Олар ауыртпалықтың өзгеруіне байланысты жүректегі қан айналымын көбейтіп не азайтып отырады.

Салмағы шамамен 900 грам тартатын жасанды жүректің бағасы 250 мың АҚШ долларын құрайды екен.

Айдар Өрісбаев.

Дереккөз: Utro.ru

Фото: Ilive.co.ua

Соңғы жаңалықтар