Пандемия салдарынан бәрінен қатты зардап шеккен шағын және орта бизнесті қолдау үшін барлық жағдай жасау қажет. Бұл туралы елорда әкімі Алтай Көлгінов өзінің Instagram-дағы парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz
«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының өкілдерімен кездесіп, биылғы жоспарларды талқыладық. Қормен бірлесіп «Бизнестің жол картасы-2025», «Қарапайым заттар экономикасы», «Нұрлы жер», «Еңбек», сондай-ақ, жеңілдікпен қаржыландыру бойынша бірқатар бағдарламаны іске асырамыз.
«Мысалы, «Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасы бойынша, былтыр елордада 1 мыңнан астам жоба, «Қарапайым заттар экономикасы» бойынша 30 жоба және т. б. қолдау тапты. Бұл бағдарламалар шағын және орта бизнес өкілдеріне айтарлықтай қолдау көрсетуге, қазақстандық өндіріс өнімдерін шығару үлесін ұлғайтуға және т. б. мүмкіндік береді», деп жазды Алтай Көлгінов.