• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
Экология 11 Ақпан, 2021

Шығыс Қазақстанда 11-14 ақпан күндері қар көшкіні жүруі мүмкін

139 рет
көрсетілді

Шығыс Қазақстан облысында 11-14 ақпан аралығында қар көшкіні жүруі мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz

«Қазселденқорғау» мекемесі хабарлағандай, өңірдегі құбылмалы ауа райы мен желдің күшеюіне байланысты осы аптаның соңына дейін қар көшкіні жүруі мүмкін. Әсіресе таулы аймақтарда көшкін жүру қаупі жоғары.

Осы ретте, ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті облыс жұртшылығына 14 ақпанға дейін таулы жерлерге бармау қажеттігін ескертті. Сондай алыс сапарға шығар алдында жолдардың жай-күйін «Дәрмен» мобильді қосымшасы арқылы тексеріп отырған жөн.