• RUB:
    4.69
  • USD:
    513
  • EUR:
    541.16
Басты сайтқа өту
Аймақтар 11 Ақпан, 2021

Алматы облысындағы Қорғас тасжолы жабылды

329 рет
көрсетілді

Алматы облысында республикалық маңызы бар Қорғас тасжолы жабылды. Қазавтожолдың мәлімдеуінше, Алматы қаласынан бағыт алған жолаушылар енді Көкпек, Көктал тас жолдары арқылы Қорғасқа дейін қатынай алмайды, деп хабарлайды Egemen.kz

Уақытша шектеу 11 ақпанында таңғы 7.00-ден бастап енгізілді. Басты себеп – қар мен жаңбырдан кейін пайда болған көктайғақтың орын алуы. Алдағы күндері бұл жолдар 63-тен 109-шақырымға дейін көліктің барлық түрі үшін жабық болмақ.

Еске салайық, «Қазгидромет» синоптиктері алдағы үш күнде елімізде күн суытатынын болжаған болатын.