• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 11 Ақпан, 2021

СҚО-да 36 жастағы жұмысшы элеваторда түншығып мерт болды

165 рет
көрсетілді

Солтүстік Қазақстан облысы Новоишимское елдімекеніндегі элеваторда 36 жастағы жұмысшы қаза тапты, қазір осы іске байланысты тергеу жүріп жатыр.

СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 9 ақпан күні Ғ. Мүсірепов атындағы ауданның полиция бөліміне шамамен сағат 16.00-де Новоишимское ауылының «АқНанСевер» ЖШС элеваторынан оқыс оқиға жайында хабарлама түседі. Дәнді дақылдарды сақтауға арналған металл силосты тазалау кезінде шұңқыр пайда болып, 36 жастағы жұмысшы шұңқырға құлап мерт болған.

Оның денесі шамамен сағат 23.00-де сыртқа шығарылды. Жедел-тергеу тобы оқиға орнын қарап, куәгерлерден жауап алды. Өндірісте қаза болу фактісі Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне «Еңбектi қорғау қағидаларын бұзу» бабы бойынша енгізілді.

«Оқиғаны толық және объективті анықтауға бағытталған тергеу жүргізіліп жатыр. Ауыл шаруашылық құрылымдарының басшылары мен жауапты тұлғаларды адам өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жұмыстарды заңнаманы қатаң сақтай отыра жүргізу қажеттігі туралы ескертеміз», деді Ғ.Мүсірепов аудандық полиция бөлімінің бастығы Марат Әлжанов.