• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 11 Ақпан, 2021

Иранда 60 млн халыққа коронавирусқа қарсы вакцина салынады

75 рет
көрсетілді

Иран Денсаулық сақтау министрлігінің жұқпалы аурулар орталығы басқармасы коронавирусқа қарсы екпе алу бағдарламасын жариялады.

Бағдарламаға сәйкес, келер жылы 60 млн адам, яғни күн сайын 210 000 адам екпе алады. Бағдарламаның мақсаты – бірінші кезеңде өлім деңгейін азайту және вирустың екінші адамға берілуі мен эпидемияны тоқтату. Келер жылы тұрғындардың 70%-ы, яғни 60 миллионға жуық адам екпе алады.