12-14 ақпанда Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман түсуі мүмкін. 12 ақпанда күндіз, 13 ақпанда тәулік бойы, 14 ақпанда кей жерлерде солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с жетеді. 12-14 ақпанда Тараз қаласында кей уақытта тұман түсуі ықтимал.
12 ақпанда Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түсіп, жаяу бұрқасын соғуы мүмкін. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жетеді. 12 ақпанда Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болуы мүмкін.
Оралда 12 ақпанда тұман түсіп, көктайғақ болуы мүмкін. 1
2 ақпанда Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман түсуі ықтимал. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жетеді. Ертең Қызылорда қаласында тұман түсуі мүмкін.
12 ақпанда Ақтөбе облысының кей жерлерінде көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғып, тұман түсуі мүмкін. Ертең Ақтөбе қаласында көктайғақ болуы ықтимал.
12 ақпанда Атырау облысының кей жерлерінде тұман түседі. Ертең Атырау қаласында тұман түседі.