• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Аймақтар 11 Ақпан, 2021

Жезқазған вокзалында ер азамат 2,5 келі есірткімен ұсталды

350 рет
көрсетілді

Жезқазған теміржол вокзалында ұсталған ер адамнан 2,5 келі марихуана тәркіленді.

Желілік полиция бөлімшесінің қызметкерлері Жезқазған қаласы теміржол вокзалының перронында 45 жастағы ер адамды ұстады. Тексеру барысында ұсталған адамның сөмкесінен ерекше иісі бар, қою жасыл түсті өсімдікке толтырылған, көлемі 5 литрлік пластмасса бөтелке тәркіленген.

«Сараптамаға сәйкес, тәркіленген зат жалпы салмағы 2 кг 435 грамм аса ірі мөлшердегі марихуана екені анықталды. Аталған факті бойынша көлік полицейлері Қылмыстық кодекстің 296-бабы 4-бөлігімен, яғни, аса ірі мөлшердегі есiрткi тасымалдау бойынша сотқа дейінгі тергеу амалын бастады», делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, жыл басынан бері Көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері заңсыз айналымнан 6 келіден астам түрлі есірткі тәркілеп, 52 есірткі қылмысын ашты.