• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Елорда 11 Ақпан, 2021

Н.Сыдықов дауы: А.Көлгіновтың орынбасары орнын босата ма?

811 рет
көрсетілді

Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен отставкаға кету жөнінде өтініш берді. Шенеуніктің мұндай қадамға баруына қалалық Мәдениет басқармасының экс-басшысы Нұрлан Сыдықовтың жемқорлықпен ұсталуы себеп болған.

Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Парасаттылық департаментінің директоры, Ғанижан Асанұлы мәлімдеді. Сыбайлас жемқорлыққа қатысты мұндай дерек Ұлттық арнадағы «Ашық алаң» бағдарламасында белгілі болды.

«Нұр-Сұлтан қалалық мәдениет басқармасының басшысына қатысты сот үкімі шықты. Заңға сәйкес сол салаға жетекшілік ететін әкімнің орынбасары отставкаға өзі өтініш беруі керек. Бізде бар мәліметтерге сәйкес ол кісі тиісті өтінішін берген. Енді отставканы қабылдау-қабылдамау сол лауазымды тұлғаны тағайындаған адам шешеді. Отставканы қабылдаса жұмыстан босатылады немесе тәртіп жауапкершілігіне тартылады», деді ол.