Шығыс Қазақстан облысына қарасты Глубокое ауданында май экстракциялау кешенінің құрылысы жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz
Глубокое ауданындағы «Алтын Шығыс» ЖШС май экстракциялау кешенінде 1000 тоннадан астам күнбағыс майын шығару жоспарланып отыр.
Құны 28 млрд теңге болатын жоба «Бизнестің жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылып отыр.
«Бүгінде кешенде күнбағыс ядросын өндіру бойынша цех салынды. Тазартылған ядро өндірісімен күнбағыс тұқымын қайта өңдеу бойынша жабдық тестілік режимде іске қосылды. 8 цехтың құрылысына іргетастар құйылды. Инфрақұрылым жүргізу (сумен қамтамасыз ету және электрмен қамтамасыз ету) «Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасы бойынша жүзеге асырылады», дейді аудан әкімі Тамара Рахымжанова.
Сонымен қатар аталған бағдарлама аясында ауданда 4 жоба субсидияланған.
Атап айтқанда, тауар мен жабдық сатып алу және жөндеу, жүк тасымалдау қызметін кеңейту, дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды өсіру бойынша қызметті дамыту жобалары.