• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Аймақтар 12 Ақпан, 2021

Атырау қаласында 9 907 жұмыс орны ашылды

227 рет
көрсетілді

Атырау қаласының әкімі Қайрат Оразбаевтың мәліметіне сүйенсек, былтыр 9 907 жұмыс орны ашылыпты.

Қазір мұнайлы өңір орталығында шағын және орта кәсіпкерлік саласында 40 488 нысан жұмыс істеп тұр. 

«Былтыр Жұмыспен қамту орталығына 14 мыңнан астам адам өтініш білдірді. Оның ішінде  8​ 259 адам тұрақты жұмысқа орналасты. Ал,​ 920 жұмыссыз кәсіби оқытуға тартылып, 2 034 адам уақытша жұмыстарға қатысуға мүмкіндік алды» дейді Қайрат Оразбаев.

Сондай-ақ кәсіпкерлік саласында бизнес идеясын іске асыру үшін 240 адамға 133,2 млн теңгенің мемлекеттік гранты беріліпті.