• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
25 Желтоқсан, 2013

«Елбасы жолы» – Мәскеуде

237 рет
көрсетілді

Қазақстан басшысының Ресей астанасына жұмыс сапары аясында Мәскеудегі Жазушылардың орталық үйінде отандық «Елбасы жолы» фильмінің тұсаукесері өтті. Өнер туындысын тамашалауға келген 500-ге тарта көрерменнің арасында Ресей үкіметінің мүшелері, Мемлекеттік Дума депутаттары, белгілі режиссерлер мен актерлер, танымал сарапшылар, сондай-ақ, студенттер болды.

Қазақстан басшысының Ресей астанасына жұмыс сапары аясында Мәскеудегі Жазушылардың орталық үйінде отандық «Елбасы жолы» фильмінің тұсаукесері өтті. Өнер туындысын тамашалауға келген 500-ге тарта көрерменнің арасында Ресей үкіметінің мүшелері, Мемлекеттік Дума депутаттары, белгілі режиссерлер мен актерлер, танымал сарапшылар, сондай-ақ, студенттер болды.

Фильм көрермен назары­на ұсынылмастан бұрын, Қа­зақстанның Ресей Федерация­сын­дағы Төтенше және өкілетті ел­шісінің кеңесшісі Виктор Темірбаев сөз алып, қазақ кино­ин­дустриясының жаңа туындысын көруге уақыт тауып кел­ген­дері үшін жиналғандарға алғысын білдірді. «Мен елшілік басшылығы атынан бүгінгі шараны ұйымдастырушыларға, Жазушылардың орталық үйіне, әсіресе, авторлық ұжымға және осы фильмді тамашалауға жиылған қауымға ризашылығымды біл­дір­гім келеді. Бұл фильм, әсіресе, жас­тарға тұлғаның қалыптасу жолы қалай жүретіні жөнінде үл­кен сабақ болады деп ойлаймын», деді елшінің кеңесшісі өзінің сөзінде.

Бұдан кейінгі кезекте ол сөз тізгінін Ұлттық продюсер орталығының бас продюсері Арман Асеновке ұсынды. А. Асенов бұл фильм түсірілімінің басынан аяғына дейін жүріп, талмай тер төккен ұжымдық топтың еңбегін ерекше атап өтті. Ол: «Бұл жоба аса ауқымды және қиын жоба болды. Себебі, бұл қазақ киноиндустриясының бір жарым жылда түсірген, екі сериядан тұратын толық метражды алғашқы фильмі», дей келе, фильмнің режиссері Рүстем Әбдірашевтің еңбегін, актерлер қауымының шығармашылығын жоғары бағалады.

Өзінің режиссерлік дарын-қабілетімен жұрттың жүрегінен орын алған Р.Әбдірашевке де жұрттың ықыласы ерекше болды. Ол жиналғандарға алтын уақыттарын қиып, шараға қатысуға ниет білдіргендері үшін алғысын жеткізді. «Посткеңестік кеңістікте дүниеге келген кез келген кинематографтың жүрегінде Мәскеудің алар өз орны бар. Мысалы, мен өзім осы қалада оқып, білім алдым. Демек, бұл – маған дәріс берген ұстаздар да осы қаладан деген сөз. Өкінішке қарай, олар бүгін өмірде жоқ. Олардың қатарына Болат Мансұров секілді ұстаздарымды жатқыза аламын. Осы орайда, менің азамат болып қалыптасуыма ықпал еткен ұстаздарымды еске алып, оларға шексіз ризашылығымды білдіргім келеді. Осыдан жиырма бес жылдай уақыт бұрын мен Болат Мансұровтың «Сұлтан Бейбарыс» фильміне түсуге келгенімде жасым он бес, он алтыларда еді. Мүмкін осы фильмдегі рөлім менің кино әлеміне келуіме сеп болған шығар. Болат аға маған үнемі: «Сенен күндердің бір күнінде режиссер шығады деген үмітім бар», дейтін еді. Ол кісі, бәлкім, осыны өзінің ішкі бір түйсігімен сезген болар. Мен өзім оқыған ВГИК білім ордама да алғысымды білдіремін. Осы жерге менің достарым мен әріптестерім келіп отыр. Бұл фильм – ұжымдық еңбектің жемісі. Кино – ұжымдық туынды. Сол себепті, ол түрлі мамандық иелерінің, өз ісінің шеберлерінің күш-жігерін талап ететіні белгілі. Ресейлік киноактерлердің еңбегін айрықша атап өткен орынды. Мәселен, Валентин Гафт, Сергей Шакуров секілді атақты актерлердің орны ерекше», деді Рүстем Әбдірашев.

Ал С.Шакуров: «Менің бұл фильмдегі эпизодтық рөлім шағын. Тіпті, «Механик Гавриловтың сүйікті әйелі» фильмінде ойнаған рөлімнен де аз», деп әзілдей келе, өзі сомдаған Д. Қонаевтың образына тоқталып, онымен өмірде кездескен кезде алған әсерлерімен бөлісті.

«Елбасы жолын» тамашала­ған­нан кейін мәскеуліктер фильм­нен алған әсерлерімен бөлісіп, Елбасының тұлға болып қалыптасу жолы көрініс тапқан туынды төңірегінде өздерінің жылы лебіздерін білдіріп жатты.

Ләйла ЕДІЛҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан» – Мәскеуден.

Соңғы жаңалықтар