• RUB:
    5.53
  • USD:
    474.57
  • EUR:
    513.63
Басты сайтқа өту
Ауа райы 12 Ақпан, 2021

Ауа райына байланысты бірнеше облыста ескерту жарияланды

115 рет
көрсетілді

Ауа райының қолайсыздығына байланысты еліміздің үш облыс аумағында ескерту жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

13 ақпанда Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман түсуі мүмкін.

Солтүстік шығыстан, шығыстан жел соғады, күші күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.

Ертең Қызылорда қаласында тұман түсуі ықтимал. 13 ақпанда Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғуы мүмкін.

Оңтүстіктен, оңтүстік шығыстан жел соғады, күндіз күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді. Ертең Оралда тұман түсіп, көктайғақ болуы мүмкін.

13 ақпанда Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғуы ықтимал.