• RUB:
    4.69
  • USD:
    513
  • EUR:
    541.16
Басты сайтқа өту
Аймақтар 14 Ақпан, 2021

Ақкөл ауданында учаскелік полиция пункті ашылды

119 рет
көрсетілді

Ақмола облысының Ақкөл қаласында учаскелік полиция пункті ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, аудан орталығында орналасқан нысанның ашылуына Полиция департаментінің бастығы генерал-майор Арманбек Баймурзин қатысты.

Учаскелік полиция бекеті Ақкөл орман шаруашылығы, Ерназар, Радовка, Родники станциясы сияқты екі әкімшілік учаске мен ауыл тұрғындары үшін қолжетімді.

Аудан әкімдігі учаскелік полиция пунктін ашуға қолдау білдіріп, спорт мектебінің ғимаратынан бөлме берген екен. Бұл азаматтардың полицияға жүгіну процесін едәуір жылдамдатады, сондай-ақ оларға заңдылық пен құқықтық тәртіпті бұзушылықтар туралы уақтылы хабарлауға мүмкіндік береді.

«Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуде учаскелік инспекторлардың рөлі зор. Олар азаматтармен барынша тығыз қарым-қатынаста болады және әкімшілік учаскеде тұрғындарының проблемаларын шешуде жергілікті атқарушы органдарға көмек көрсетеді. Бұрын учаскелік инспекторлар аудандық полиция бөлімінің базасында жұмыс істеген. Енді оларға шалғай әкімшілік учаскелердің тұрғындарына жету жеңіл болады. Учаскелік инспекторлардың өздері тұрғындармен тиімді жұмыс істей алады», деді ведомстводан.

Айта кетейік, аталмыш учаскелік полиция пунктінде тәртіп сақшыларына халықпен жұмыс істеуі үшін барлық жағдай жасалған. Қажетті кеңсе атрибуттары, монитор бар, осы арқылы қала көшелерінде орналасқан бейнебақылау камераларынан тікелей бейне көріністерді бақылап отыруға болады.

Учаскелік полиция пунктіне полиция капитаны Саят Сейітхожин пен қатардағы полиция Данияр Советов бекітілді.

Осы жерде Полиция департаментінің бастығы генерал-майор Арманбек Баймурзин учаскелік полиция инспекторларымен бірге азаматтарға жеке қабылдау өткізді. Қабылдауға келген жақын маңдағы елді мекендердің тұрғындары көші-қон, табиғатты қорғау заңнамасы саласындағы мәселелерді көтерді, сондай-ақ, учаскелік полиция инспекторлары мен ювеналды полиция инспекторларына алғыс білдірді.

Ведомстводан атап өткендей, алдағы уақытта Ақкөл ауданында полиция бөлімінің жаңа ғимаратын салу жоспарланып отыр.

Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз https://www.inform.kz/kz/akmola-oblysynyn-akkol-audanynda-uchaskelik-policiya-punkti-ashyldy_a3753033