• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
25 Желтоқсан, 2013

Ким Чен Ын КХДР армиясын соғысқа дайындалуға шақырды

342 рет
көрсетілді

Корей Халықтық Демократиялық Республикасның басшысы Ким Чен Ын армияны барынша жоғары дайындық сапына келуге шақырды. Бұл туралы оңтүстіккореялық «Ренхап» агенттігінің дерегіне сілтеме жасаған Lenta.ru хабарлады.

Ким Чен Ынның 24 желтоқсанда Нампхо қаласындағы Корея халық армиясы 526-бөліміне келген кезінде соғыстың ескертусіз басталып кету мүмкіндігін айтқан. «Осыған байланысты, армия жауынгерлік дайындық сапына барынша жылдам көшуі тиіс», – деді ол.

Ким Чен Ын бұл сапарды өз әкесі Ким Чен Ирдің Корей халық армиясының қолбасшысы атануының кезекті жылдығына орай бастады. Бұл оқиға 1991 жылғы 24 желтоқсанда болған еді. Елдің басшысын алып жүргендердің қатарында КХДР армиясы саяси бюросының басшысы Чхве Пен Хэ де болды. Агенттіктің баяндауынша, Ким Чен Ын өз жездесі Чан Сон Тхэкті аттырып жібергеннен кейін, елдегі екінші тұлға рөлі қазір тап осы Чхве Пен Хэге берілген сияқты.

Елдегі екінші адам саналып келген Чан Сон Тхэктің өлтірілгені 13 желтоқсан күні белгілі болды. Оған «қиялға беріліп, қылмыстық істерге ұрынды» деген айып тағылды.

Осылайша күтпеген жерден соғыстың тұтанып кетуі туралы дабыл КХДР армиясын қазір табанынан тік тұрғызып жатыр. Сонымен бірге, биылғы 20 желтоқсан күні Солтүстіктің Оңтүстікке кез келген уақытта, алдын ала ескерту жасамастан, «аяусыз соққы» беріп қалуы мүмкін екені жазылған факс жөнелткені белгілі болып отыр.

Айдар Өрісбаев.

Дереккөз: Lenta.ru

Фото: Itar-tass.com

Соңғы жаңалықтар