Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Мельбурндегі Phillip Island Trophy WTA250 турнирінің бірінші айналымынан сәтті өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Ұлттық Олимпиада комитетіне сілтеме жасап.
Зарина Дияс америкалық Кристина Макхэйлмен кездескен болатын. 1 сағат 54 минутқа созылған кездесуде қазақстандық спортшы 6:3, 3:6, 1:6 есебімен жеңіске жетті.
Келесі кезеңде Зарина румыниялық Ана Богданға қарсы ойнайды.