• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 15 Ақпан, 2021

Қызылордалық жүргізуші 7 айда 181 мәрте жол ережесін бұзған

218 рет
көрсетілді

11 ақпанда «Борышкер» іс-шарасы аясында Қызылорда облысы ПД Әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері, прокуратура өкілдері және сот орындаушылары бірлескен рейдте 34 жастағы облыс тұрғынының басқаруындағы ресейлік нөмірлі жеңіл автокөлікті ұстады. Ол бірнеше ай ішінде жылдамдық режимін 181 мәрте бұзған, деп хабарлайды Egemen.kz

 

Құқық бұзушылықты автоматты түрде анықтайтын «Аркан» құрылғысы арқылы бұл автокөлікке 2020 жылдың 12 маусымы  мен 2021 жылдың 11 ақпаны  аралығында  3 млн 591 мың 265 теңге сомасында айыппұл  салынған.

Сондай-ақ, жүргізуші көлікті сақтандыру құжатсыз тек жүргізуші куәлігімен басқарғаны анықталды. Автокөлік айыппұл тұрағына қойылды, құқық бұзушы салынған айыппұлдарды төлеуі тиіс.

Жүргізушіге ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабы 1-бөлігімен хаттама рәсімделіп, жиналған құжаттар сотқа жолданды.