• RUB:
    4.76
  • USD:
    439.4
  • EUR:
    473.54
Басты сайтқа өту
Аймақтар 15 Ақпан, 2021

Атырауда қоғамдық тамақтану орындарының иелеріне 2 млн 858 мың теңге айыппұл салынды

331 рет
көрсетілді

Атырау қаласында мейрамханалар мен дәмханалардың, клубтардың иелері 2 млн 858 мың теңге айыппұл төлейтін болды, деп жазады Egemen.kz

Атырау қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы мамандарының ақпаратына сүйенсек, мобильдік топтар рейд кезінде карантиндік шектеу шараларын бұзған бірнеше нысан анықталып отыр.

«Қоғамдық тамақтану объектілерінің, ойын-сауық мекемелері мен дүкендердің иелері ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 425-бабы, 1-тармағымен әкімшілік материал жасау үшін Атырау қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына шақырылды. Олардың арасында «Салам Бро», «Маша и Медведи», «Чечил паб», «КЭШ» караоке клубы, «Vobla» дәмханасы, «Алкомаркет» дүкені, «Керуен», «Айва» мейрамханалары, «Регионбет» лото-клубы мен «Тuki doner» донерханасы секілді кәсіпкерлік нысандардың иелері бар. Аталған нысандардың иелеріне 2 млн 858 мың 660 теңге айыппұл салынды», деп хабарлады басқарманың мамандары.