Түркістан қаласына орындалатын әуе рейстерінің саны екі есеге азайды. Бұл туралы бүгін облыстық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ролан Ибрагимов мәлімдеді.
Басқарма басшысының сөзінше, қаңтар айында оннан аса рейс ұшпай қалған. Кейбір жолаушылар билеттерін кері тапсырған. Оған өңірдегі ауа райының тұманды болуы себеп болған көрінеді. Тұманды күн райының көп болуынан «Қазаэроғарыш» мекемесі бірқатар рейстің ұшуына рұқсат етпей қойған.
Сондай-ақ, бастапқы кезде жаңа әуежайға үш әуе компаниясы жолаушы тасымалдаса, қаңтар айында олардың екеуі қызмет көрсетуден бас тартқан. Қазіргі таңда Түркістаннан тек Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларына әуе рейстері орындалуда. «Qazaq Аir» мен «Scat» ұшақтары бортының толуы 50 пайыз, 42 пайыздың көлемінде. Ал, «Fly Аrystan»-да 92 пайыз, 100 пайыз толады. Сол себептен олар қазір уақытша ұшпай қойды. Қазір тек «Fly Аrystan» ұшып жатыр», - дейді Р.Ибрагимов.