• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қазақстан 16 Ақпан, 2021

Шымкентте 2021 жылдағы алғашқы үшем дүниеге келді

1235 рет
көрсетілді

Шымкент қалалық перинаталдық орталықта үшем дүниеге келді. Биылғы алғашқы үшемдер анасымен бірге бүгін перзентханадан шықты.

28 жастағы Айткүл есімді қала тұрғыны біраздан бері ұл сүюді армандап жүрген еді. Арманы орындалып, өмірге бірден шекесі торсықтай үш ұлды әкелді.

Айта кетейік, туған сәтте үшемнің салмағы 1570гр, 1610гр, 1820 грамм болған екен. Қазіргі күні Бекасыл, Ерасыл, Жанасыл есімді балақайлар салмақ қосып, денсаулық жағдайлары жақсарған.

Мерзімінен ерте туылған үшемдер екі аптаға жуық қалалық перинаталдық орталықтағы мамандардың бақылауында болды. Денсаулық сақтау басқармасының басшысы мен дәрігерлер жаңа туған нәрестелерге сыйлық табыстап, перзентханадан салтанатпен шығарып салды.

Бұл үш сәби – биылғы жылдың алғашқы үшемдері. Жыл басынан бері қалада 3753 сәби дүниеге келсе, олардың басым бөлігі ұлдар.