• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 17 Ақпан, 2021

Мұстафаның әлемдік рекорды

505 рет
көрсетілді

Қостанай қаласында 8 жасар Мұстафа Ерғали әуесқой спорт түрі – шынтақ тіреп төрттағандап тұрудан 16 жасқа дейінгі балалар арасында әлем рекордын жаңартты.

Спортшылар тілінде клас­­­­сикалық планка ұстау деп аталатын спорттың бұл тү­рі бойынша 16 жасқа де­йінгі жасөспірімдер ара­сын­­­дағы ең жоғары әлемдік көр­сеткіш бұған дейін 1 са­ғат 2 секунд болған екен. Мұс­тафа Kostanay Plaza сауда ор­талығында жиналған көп­­­шілік көрерменнің көз ал­­дында 1 сағат 2 минут 7 се­кундқа дейін қос шын­тақ­­­пен төрт­тағандап тұрып, әлем рекордын 2 минутқа ұзарт­­ты.

Жас рекордшының жаттықтырушысы – өз әкесі Марат Қайып­баев.

– Ұлым бұған дейін футболмен айналысты. Негізі бү­гінгі көрсеткішті үйде бір­не­ше рет қайталаған. Мұс­та­фадан басқа 3 балам бар, олар да осы спорт түрімен айна­лысады. Үйде бәріміз бірге жаттығамыз. Өзім клас­сика­лық планканы 8 минутқа дейін ұс­тап тұра аламын. Ұлымның көр­сеткішіне же­ту қиын, әрине, – деді М.Қа­йыпбаев.

Жас спортшының жетіс­тігін көзбен көру үшін Қос­танайға Қазақстан рекордтар кітабының рекордтар тіркеу департаментінің директоры Ба­қытжан Тастүлеков те келген.

– Қазақстанда күш ре­корд­­тары жиі жаңарады, әуес­­­қой спортшылар пан­де­­мия­ға қарамастан ірі нә­ти­­же­лерге қол жеткізіп, жұрт­ты қай­ран қалдыруда. Мы­са­лы, ал­ма­тылық рекордшы өт­кен қаңтар айында ға­на 26 тон­налық вагонды тісі­мен тартып қозғалтып, әлем жұрт­шы­лы­ғына бас шай­қатты. Қазір 700 беттік кітапта 5 мың­ға жу­­ық рекордшы тіркелген. Егер Мұс­тафаның көрсеткішін күзге дейін ешкім жаңарта ал­маса, Мұстафаның есімі әуес­қой спорт түрі бойынша ең жо­ғары әлемдік көрсеткішті жа­ңартқан рекордшы ретінде Қазақстан рекордтар кітабына енеді, – деді Б.Тастүлеков.

 

Қостанай облысы