• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Коронавирус 17 Ақпан, 2021

Шетелден келген бір жолаушыдан коронавирус анықталды

327 рет
көрсетілді

Санитариялық - эпидемиялық бақылау комитеті өткен тәулікте халықаралық авиарейстермен келген жолаушылар бойынша ақпарат таратты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Өткен тәулікте Қазақстан Республикасының аумағына Германия, Корея, Мальта, Мальдив Республикасы, БАӘ, Мысыр, Түркия, РФ, Өзбекстан және Қырғызстаннан 13 халықаралық әуе рейсі келді.

1 972 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 1 759 адам, анықтамасыз 213 ҚР азаматтары келді. Оның ішінде: Алматы қаласының әуежайына – 9 рейс, 1 622 жолаушы, анықтамамен - 1 413, анықтамасыз - 209;

Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 4 рейс, 350 жолаушы, анықтамамен - 346; анықтамасыз - 4.

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.

Анықтамасыз келген 383 Қазақстан азаматының ПТР-талдау нәтижелері бойынша Мале – Алматы рейсімен келген бір жолаушыдан коронавирустық инфекция анықталды.