• RUB:
    5.39
  • USD:
    479.83
  • EUR:
    528.82
Басты сайтқа өту
Қазақстан 17 Ақпан, 2021

3,6 млрд теңге, 4 әуе кемесі, 3 автокөлік: «OLIMP KZ» букмекер кеңсесінің мүлкі тәркіленді

170 рет
көрсетілді

«OLIMP KZ» букмекер кеңсесінің мүлкі тәркіленді. Бұл туралы Алматы қаласының прокуратурасы мәлім етті. 

«Алмалы аудандық соты 2021 жылғы 16 ақпанда Алматы қаласы прокурорының халықаралық іздестіруге жариялаған букмекер қызметімен заңсыз ойын бизнесі, ақша қаражатын шығару және бюджетке салық төлеуден жалтару жөніндегі қылмыстық схеманы ұйымдастырған «OLIMP KZ» букмекерлік кеңсесі» ЖШС басшыларына қатысты үкім шығарылғанға дейін мүлікті тәркілеу туралы өтініш хатын қанағаттандырды», деп хабарлады ведоствадан. Сот актісімен 3,6 млрд теңге, 4 әуе кемесі және 3 автокөлік тәркіленді. Сотта ұйымдасқан қылмыстық топтың қатысушылары бұл мүлікті қылмыстық жолмен алғаны дәлелденді.