Өткен жылдан бері Қызылорда облысынан Германияға 685 тонна қамыс жөнелтілді. Аймақта ауыл шаруашылығы өнімдерін сыртқа жөнелту көлемі 9 пайызға өскен. Бұл туралы облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова халық алдындағы алғашқы есебінде баяндады, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Біз әлемнің 17 еліне ауыл шаруашылығы өнімдерінің 11 түрі экспорттадық. Өткен жылы күрішшілеріміз гектарына 61,8 центнерден өнім алып, 550 мың тоннадан астам күріш жинап, жоғары көрсеткішке қол жеткіздік. Сондай-ақ, балық шаруашылығын дамытудың 2030 жылға дейінгі өңірлік бағдарламасын әзірледік. Оған шамамен алдағы жылдарда кезең-кезеңімен 29 млр. теңге бағытталатын болады», деді Гүлшара Әбдіқалықова.
Өңірде 2030 жылға дейін 55 көл-тауарлы балық өсіру шаруашылығы, 12 тоған және 16 тор шаруашылығы құрылып, 3 жабық сумен жабдықтау құрылғысы салынатын болады.