• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 17 Ақпан, 2021

Заман талабына сай мамандар даярлау басты назарда

1193 рет
көрсетілді

Қазіргі білім беру жүйесінде бәсекеге қабілетті маман дайындау, жастарға пайдалы білім беру, теорияны өндіріспен ұштастыра оқыту жүйесі және техникалық, кәсіптік мамандар даярлауға айрықша мән берілуде.   Өйткені, экономикалық қуаты артқан кезеңде білікті, кәсіби мамандарға біздің өңірімізде де сұраныс жо­ғары.

Осы мақсатта тәжірибеге бағытталған оқыту бағдарламасы барынша үйлесіммен біріктіріліп, білікті мамандарды дайындау, қазіргі кезде білім берудің бір жүйесі ретінде қолданылуда.

Қойылған басты міндет - мемлекеттік құрылымдардың күшін біріктіру, жұмыс берушілер мен оқу орындарын облыстық кәсіпорындар мен өнеркәсіптерді білікті мамандармен қамтамасыз ету мәселесінде жұмылдыру.

Жалпы теориялық білім тәжірибемен ұштасқанда ғана маман өз кәсібіне төселеді. Осы орайда, облыста студенттерді өндірістік тәжірибеге тарту жұмысына да елеулі көңіл бөлінуде.

Жұмыс берушілердің қатысуынсыз экономикаға білікті кадрлардың аспаннан  жаумайтыны анық.  Осыны ескерген Ш. Есенов атындағы технологиялар және инжиниринг университеті мен «Қаражанбасмұнай» АҚ компаниясы 2020-2021 оқу жылының басында ынтымақтастық келісімшарттарға қол қойып, тығыз байланыс орнатқан болатын. Ақпан айының 5-нен басталған тәжірибе алаңына «Инжинирнг» факультетінің бір топ студенттері  өндіріске аса қажетті химиялық су тазарту аппаратшысы, электромонтер, токарь, бақылау-өлшеу құрылғылары және автоматика бойынша жөндеушілер, дефектопист сияқты мамандықтары бойынша баруға жолдама алды.

Мұның бар­лығы – бәсекеге қабілетті маман боламын деген жандарға жасалған бірден-бір мүмкіндік.  Аталған жоба бойынша студенттердің білімін же­тіл­­діру мақсатында қолға алын­ған жұмыстардың бірі – штаттық қызметкерлер сияқты барлық жағдайының  қамта­масыз етілуі еді. Осы тұрғыда жоба бойынша барлық шығынды мекеме өз міндетіне алды.

- Мұның барлығы білімге, кәсіби біліктілікке жіті назар аударып, жастардың сапалы маман иесі болып шығуына жасалған жағдай деп білемін.     Студенттер осы әлеуметтік серіктестермен теория мен тәжірбиені ұштастырып жұмыстар жасауда және олар өндірістік машықтану кезінде озат іс тәжірибелі мамандардан үйреніп, жаңа жабдықталған технологияны меңгереді. Оқу курсына байланысты 8-10 ай көлемінде жұмыстар жасайды. Нәтижесінде еңбек кітапшасында кен орнында тәжірибеден өткендігі жазылады. Бір қуантарлығы, университетті «Қаражанбасмұнай» АҚ  компаниясы қолдауға әркез ынталы. Яғни, өздеріне қажетті болашақ маманды мақсатты оқытып немесе студенттерді ең алғашқы курстан бастап өндірістік тәжірибеден өткізіп, кейін жұмысқа шақыруды көздейді.

Қорыта келе, біздің басты бағытымыз – өзінің туған жері мен елін сүйетін, білімді де білікті, ұтқыр ойлы ұрпақтар тәрбиелеу. Студенттеріміз сапалы білім алып, отанға деген патриоттық сезімін, еліне деген сүйіспеншілігін болашаққа деген нық сеніммен қадам басып, қоғамға қажетті маман иесі болады  деп сенім артамын, дейді Бөлекбаева Гүлмира Жайбергенқызы.