• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 18 Ақпан, 2021

Құжат айналымының виртуалды қызметі оңтайландырылды

385 рет
көрсетілді

Мемлекеттік органға жіберілген хаттың жай-күйі туралы ақпаратты енді Telegram мессенджеріндегі арнайы чат-боттан көруге болады, деп хабарлайды Egemen.kz ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетіне сілтеме жасап.

 

Бүгінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Telegram мобильді қосымшасы алаңында құрылған «KGD_kantselyariya» виртуалды көмекшісінің жаңа қызметін пайдалануға ұсынып отыр.

«KGD_ kantselyariya» виртуалды көмекшісі құжат айналымы мәселесі бойынша салық төлеушілерге ыңғайлы болуы үшін құрылған. Оның көмегімен өтінініш иесі мына ақпаратты жедел алуына болады:

- өтініштің кіріс нөмірі мен күні;- Комитеттің өтінішке берген жауабының шығыс нөмірі мен күні;- салық төлеушінің жүгінуі бойынша Комитеттің жауапты орындаушысының деректері (аты-жөні және телефон нөмірі). Бұл ақпаратты алу үшін:- аты-жөнін немесе ұйымның толық атауын;- өтініш берілген күні мен шығыс нөмірін чат-ботта жазу қажет. Аталған қызметті жұмыс күндері (сенбі мен жексенбіні қоспағанда) сағат 9:00-ден бастап 18:30-ға дейін пайдалануға болады.