• RUB:
    5.58
  • USD:
    474.72
  • EUR:
    515.17
Басты сайтқа өту
Аймақтар 18 Ақпан, 2021

Бірнеше аймақта көлік қозғалысына шектеу қойылды

161 рет
көрсетілді

Ақпанның ақ түтек бораны жолдағы қозғалысқа бөгет болып тұр. Қазір Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Ақтөбе, Ақмола облыстарында барлық көлік түрінің жүруіне шектеу қойылған, деп хабарлайды Egemen.kz

Алматы облысындағы Достық-Үшарал тас жолы да жабық. Мамандар алыс жолға шықпауға кеңес береді. Өйткені еліміздің біраз бөлігінде қар аралас жаңбыр жауып, көктайғақ болады.

Әсіресе Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарына қалың қар түседі. Желдің екіпіні кей жерлерде секундына 20 метрге дейін жетеді.