Шымкент қаласының Абай ауданындағы «Металлург» стадионын қайта құру және күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. 1980 жылы пайдалануға берілген спорт кешенінің тозығы жеткен болатын.
Қала әкімі М. Әйтенов аталған нысанның құрылыс барысын аралап көрді. Жоба құны – 3 019 840,6 мың теңге. Бас мердігер «Югстройсервис-Н» ЖШС күрделі жөндеу жұмыстарын былтыр мамыр айында бастаған еді. 2020 жылы 330 000,0 мың теңге қаржы игерілген.
2021 жылға қажетті қаржы көлемі – 2 793 128,0 мың теңге.