• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Оқиға 18 Ақпан, 2021

Абай атындағы опера және балет театрының басшысы қызметінен не үшін босатылды?

2437 рет
көрсетілді

Алматы қаласындағы Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық театры басшысы Ая Қалиева қызметінен босатылды. Театр ұжымы оның қызметтен ешқандай ескертусіз және себепсіз босатылғанына наразылықтарын білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz

«Бұйрық министрдің өзінен емес, жеке пошта мекенжайына хат түрінде келді. Мен алғыс сөзін айтып тұрғам жоқ, жеке адамды құрметтегендіктен ғана. (...) Мен мұндай жағдайды кез келген адамға қатысты әділетсіздік деп санаймын. Бүгін Еңбек кодексін бұзу туралы бұйрық алған кезде, бұл туралы ашық айтамын деп шештім. Менің келісім шартым ұзартылған, 2020 жылы ол шексіз мерзімге созылған болатын», деді театр директоры Ая Қалиева.

Алайда театр ұжымы бұл шешіммен келіспей отыр. Қызметкерлер Ая Қалиеваны жақсы басшылардың бірі деп санайды. Себебі оның театр директоры ретінде жұмыс істеген кезеңінде театр маңызды әрі бірталай белесті бағындырғанын баса айтты. Бүгін театр қызметкерлері басты сахнаға жиналып, басшыларына қолдау білдіріп, оның жұмыстан шығарылуына наразылық білдірді.

«Мен театрда 10 жылдан аса уақыт жұмыс істедім. Театрдың біраз директорымен қызмет атқардық. Біздің басты міндетіміз - театр деңгейін көтеру, көрермендерді қуанту, мемлекетімізде өнер деңгейін көтеру. Басшылықты осылай өзгерткен жағдай болмаған. Бұл күтпеген жағдай болды. Театрда жұмыс істеген уақыт ішінде шығармашылық ұжым басшылары осындай ұйымшыл болған емес. Театрды алға жылжыту идеясын бәрімізге үлгі етті. Мұның бәрі Ая Жәкенқызының еңбегі», деді балет труппасының жетекшісі Гүлжан Тұтқыбаева.