• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 19 Ақпан, 2021

Шымкентте карантиндік шектеулер ұзартылды

425 рет
көрсетілді

Шымкент қаласында коронавирусқа байланысты карантиндік шектеу шаралары тағы екі аптаға ұзартылды. Бүгін шаһардың Бас санитар дәрігері кезекті қаулысын шығарды, деп хабарлайды Egemen.kz

Оған сәйкес, карантиндік шектеулер сақтала отырып, қоғамдық тамақтану орындарының жұмыс уақыты сағат 7:00-ден 00:00-ге дейін ұзартылды. Бұған дейінгі режімі – 7:00-23:00 болған еді. Бұл ретте, сыйымдылық 50 пайыздан аспауы тиіс Контингенті 300 оқушыға дейінгі қалалық және ауылдық мектептер балалар санын 15-тен асырмай дәстүрлі форматта білім беретін болады.

Сондай-ақ жалпы білім беретін мектептерде 1-5 сынып, халықаралық мектептерде 7 сыныпқа дейін бала санын 15-тен асырмай кезекші сыныптар құрылады. Ата-аналар тиісті өтініш жазуы қажет. Спорттық объектілерде (фитнес-орталықтары, тренажер залдары, спорттық-сауықтыру орталықтары, жабық және жартылай жабық спорттық құрылымдар, мұз алаңдарының оның ішінде сауда, ойын-сауық кешендері, сауда орталықтары, сауда үйлерінде орналасқан мұз алаңдар) бір адамға 5 шаршы метрден келуі тиіс, сыйымдылығы 50% аспауы шарт, қызмет режімі – жұмыс, демалыс және мереке күндері 09:00-ден 23:00-ге дейін.

Бассейндер алдын ала жазылу бойынша жұмыс істейді. Қаладағы қоғамдық көліктердің саны көбейтіліп, олардың жұмыс, демалыс және мереке күндері жүру уақыты сағат 07:00-ден 21:00-ге дейін белгіленді. Бетперде тағу міндетті.

Автобустың толымдылығы отыратын орын санынан аспауы қажет. Өз жұмысын қайта бастаған нысандарда (базарлар, қоғамдық көлік, коммуналдық нысандар, шаштараздар, сұлулық салондары, моншалар, сауналар, спорт объектілері, сауда объектілері, банктер, ХҚКО, «Казпочта» АҚ бөлімшелері, меншік нысанына қарамастан ұйымдар мен мекемелер және т.б.) коронавирус инфекциясының таралуын алдын алу бағытындағы санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына мониторинг жалғасатын болды.

Мобильді мониторингілік топтар және Бірыңғай үйлестіру орталығының жұмыстары күшейтіліп, карантин талаптарын бұзғандарға қызметін уақытша тоқтатуға дейінгі шаралар қолданылатын болады.