• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 20 Ақпан, 2021

Адасқан балықшы аман табылды

262 рет
көрсетілді

Ақпанның ақ бораны Тайынша ауданында да қатты болып, Петропавлдан келген 37 жасар балықшыны адастырып жіберген. Ол өзінің Макашев ауылының түбіндегі Құндыкөлдің маңында адасқанын қалтафонмен полицияға хабарлап үлгерген.

Учаскелік полиция инспекторы, ауыл әкімі, ТЖ қызметкерлері, ауыл тұрғындары, қорықшылар бар - бәрі жоғалған адамды іздеуде күш жұмылдырған. Соның ішінде аңшылық шаруашылығының басшысы Қоблан Бекмурзин өзінің «Хищник» маркалы қар мен қопада жүретін көлігімен адасқан адамды таңғы сағат төрт кезінде тапқан. Балықшы үсуден аман, ауылға жеткізілді, қазір оның өміріне еш қауіп жоқ.