• RUB:
    5.43
  • USD:
    477.03
  • EUR:
    521.44
Басты сайтқа өту
Аймақтар 21 Ақпан, 2021

Байқоңырда жоғалған балалардың бірінің денесі табылды

491 рет
көрсетілді

Байқоңыр қаласында 2013 жылы туған екі бала кеше сағат 11:30-да «Маяк» спорт кешенінен белгісіз бағытқа шығып, содан әлі оралмаған. ТЖД Жедел  құтқару жасағы күштері хабарсыз кеткен балаларды іздеуді бастап, оған еріктілер де көмек көрсетуде. Қызылорда қаласынан сүңгуірлер де шақыртылған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан және РФ құтқарушылары бірлесіп  бастаған іздеу жұмыстары барысында бүгін бір баланың денесі табылды. Бұл туралы облыстық ТЖД  мамандары хабарлады.

Іздеу жұмыстары жалғасуда.