Анкара қаласында Білге Тоныкөк жазба ескерткішінің көшірмесі орнатылды. Бұл туралы Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі өзінің Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz
«Анкара қаласының Алтындағ ауданында ашылған «Түркі әлемі Тоныкөк» паркында Халықаралық Түркі академиясы Білге Тоныкөк жазба ескерткішінің көшірмесін орнатты.
Ашылу рәсіміне Түркия Ұлттық Мәжілісінің төрағасы Мұстафа Шентоп, Анкара губернаторы, елшілер, халықаралық ұйым басшылары, мәжіліс депутаттары, ғалымдар мен қоғам қайраткерлері қатысты. Құтты болсын!», деді Халықаралық Түркі академиясының басшысы.