• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 23 Ақпан, 2021

Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы құрылады

757 рет
көрсетілді

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов Үкімет отырысында тұрғын үй саясатының жаңа тәсілдерін жариялады. Сонымен қатар «Отбасы банкі» базасында «Тұрғын үймен қамтамасыз ету жөніндегі орталық» құрылатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz

«Кезек мәселесін шешу үшін Мемлекет басшысы жергілікті атқарушы органдардағы тұрғын үй кезектілігін бере отырып, «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» негізінде толыққанды даму және қолдау институты ретінде «Отбасы банк» құруды тапсырған болатын. «Отбасы банкі» жұмысының негізгі қағидаты ең алдымен, халықтың әлеуметтік осал топтары үшін баспананың қолжетімділігін арттыруға бағытталады», деді министр.

Оның айтуынша, «Отбасы банкі» базасында «Тұрғын үймен қамтамасыз ету жөніндегі орталық» құрылады.

«Ол үйге мұқтаж жандарды есепке алады. Сондай-ақ, қолжетімділік сатысына сәйкес тұрғын үйді кезекке қойылған күні бойынша бөледі. «Тұрғын үймен қамтамасыз ету жөніндегі орталық» базасы жеке тұлғалардың мемлекеттік дерекқорларымен интеграцияланады. Базаға деректі қайта енгізуге жол берілмейді. Азаматтар мемлекеттік бағдарламаларға бір рет қана қатыса алады», деді Бейбіт Атамқұлов.