2021 жылдың 22 ақпанында халықаралық әуерейстермен келген жолаушылар бойынша ақпарат жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz
2021 жылғы 22 ақпанында Қазақстан Республикасының аумағына Швейцария, Мальдив Республикасы, БАӘ, Түркия, РФ, Беларусь Республикасы, Өзбекстан және Қырғызстаннан 18 халықаралық әуе рейсі келді. 1 727 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 1 499 адам, анықтамасыз 228 ҚР азаматы болды. Оның ішінде:
Алматы қаласының әуежайына – 9 рейс, 1 040 жолаушы, анықтамамен – 844, анықтамасыз – 196;
Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 6 рейс, 494 жолаушы, анықтамамен – 463; анықтамасыз – 31;
Ақтау қаласының әуежайына – 2 рейс, 184 жолаушы, анықтамамен - 183; анықтамасыз – 1;Шымкент қаласының әуежайына – 1 рейс, 9 жолаушы анықтамамен келген.Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтіп отыр.Анықтамасыз келген 202 ҚР азаматының ПТР-талдау нәтижелері бойынша төрт жолаушыдан коронавирустық инфекция анықталды. Оның ішінде бір жолаушы Ыстанбұл – Алматы рейсімен, үш жолаушы Шарм-эль-Шейх – Нұр-Сұлтан рейсімен келген.