• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Аймақтар 23 Ақпан, 2021

Ақтөбеде ірі көлемде есірткі тасымалдаған қырғызстандық ұсталды

143 рет
көрсетілді

Ақтөбеде полиция қызметкерлері 22 келі есірткі тасымалдаған қырғызстандықты ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақтөбе облыстық полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері «Мигрант» жедел-іздестіру шарасын өткізді. «Самара-Шымкент» тас жолының 972 шақырымында көлік құралын санкциясыз тінтіп, Бішкек қаласында тұратын Қырғызстанның 44 жастағы азаматы айдап келе жатқан жүк көлігінен жалпы салмағы 22 келіден асатын «марихуана» табылып, тәркіленді.

Ақтөбе облысының полиция департаменті Қылмыстық кодекстің 296-бабының 4-бөлігінің санкциясына сәйкес (Аса ірі мөлшерде есірткі заттарын заңсыз сақтау) тергеуді бастады. Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдауға үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылғанын еске салады.