• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
27 Желтоқсан, 2013

Мишель Обама күйеуімен ажырасуға арыз берді

272 рет
көрсетілді

Бүгінде көптеген бұқаралық ақпарат құралдары мәлімдегендей, Мишель Обама күйеуімен ажырасуға арыз берген. Бұл туралы Utro.ru хабарлады.

«The Nation» журналы жазғандай, Барак Обаманың таяуда өткен Нельсон Манделаның асында Дания премьер-министрі Хелле Торнинг-Шмиттке қырыңдай бергені АҚШ бірінші ледиін қатты ренжіткен көрінеді. Басылым ақпарына қарағанда, жұбайлар арасындағы кикілжіңнің басталғанына біраз болған. Олар бірқатар уақыттан бері әр бөлмеде ұйықтайтын көрінеді. «Олардың некелері ұзаққа бармайды. Бұлар көп жылдар бойы өздерінің қыздары мен саяси мансаптары үшін қарым-қатынастарын сақтауға тырысып келді», – деді президент отбасына жақын адам. Оның сөзіне қарағанда, бір жолы бірінші ханым: «Менің шыдамым таусылды!» – деп, ажырасу мәселесін талқылау үшін адвокатқа жүгініпті.

Биылғы жылғы сәуірде Барак Обамаға Калифорния штатының бас прокуроры Камали Харристің атына айтқан комплименті үшін әйелінен кешірім сұрауға тура келген. Сан-Францискода Демократиялық партияға қаржы жинауға арналып өткен жиыннан кейін президент бас прокурорға кәсіби деңгейі үшін алғыс айта отырып, оның сыртқы келбетіне байланысты да жақсы пікірін білдіре кеткен еді. «Бұдан бөлек, ол – біздің еліміздегі ең тартымды бас прокурор… бұл шынында да солай. Әрине», – деді Обама.

2012 жылы ерлі-зайыптылар өздерінің үйленгендерінің 20 жылдығын атап өткен болатын. Олар Twitter арқылы бір-бірлеріне жылы, нәзік сезімдерін жеткізді. «Тура 20 жыл бұрын мен өзімнің бүкіл өмірімдегі махаббатым және ең үздік досым болатын қызға үйлендім. Жылдық мереке құтты болсын, Мишель», – деп жазды президент. Оған Мишель: «Жиырма жылдығымызбен құттықтаймын, Барак. Таңғажайып күйеуім, досым және әкем болып қала бергенің үшін саған рахмет. Мен сені сүйемін!», – деп жауап қайтарған еді.

Айдар Өрісбаев.

Дереккөз: Utro.ru

Фото: Gazeta-sr.ru

Соңғы жаңалықтар