• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
27 Желтоқсан, 2013

Алматыдағы мектепте оқ атқан айыпты ұсталды

226 рет
көрсетілді

Алматы қаласындағы мектепте атыс ұйымдастырған айыпты қамалды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі хабарлады.

Мектеп директорының кабинетінде бұрынғы ерлі-зайыптылар бір-бірімен жанжалдасып, соңы тапаншадан оқ атуға әкеліп соқты. Осы келеңсіздіктен екі адам зардап шеккен.

Алматы қалалық соты баспасөз қызметінің дерегіне жүгінсек, Бабазов есімді азамат мектепте атыс жасағаны үшін сот қаулысымен тұтқындалған. «Әуезов аудандық соты Бабазовты уақытша қамау абақтысына отырғызу туралы қылмыстық іс қарады. Жалпы, мектепте болған атыс кезінде менің немере бауырым Құрбановтың басына оқ тиіп, бассүйегіне зақым келді. Сондай-ақ менің адвокатым Смағұловты Бабазов соққыға жықты», - дейді кінәлінің бұрынғы жұбайы Майнұра Тагирова.

Мектепте оқ атқан айыптының 12 жасар қыздың әкесі екені мәлім болды. Ол бұрынғы әйелімен білім ордасының басшысы көзінше ұрысқан. М. Тагирова қызы мен күйеуінің арасындағы түсінбеушілікке байланысты жазылған арызға орай мектепке шақырылғандарын айтады. Бірақ, сол жерде олар бір-бірімен түсінісе алмаған. Ызаланған еркек қалтасынан травматикалық тапанша шығарып, оң мен солға атыпты...

Бақытбек Кенешұлы.

Дереккөз: Tengrinews.kz

Фото: Munara.kz

Соңғы жаңалықтар