Палестина лидері Ясир Арафат өзінің ажалынан өлген екен. Бұл туралы Ресей Федералды медико-биологиялық агенттік басшысы Владимир Уйбаның мәлімдемесіне сілтеме жасаған РИА «Новости» хабарлады.
Көптеген елдің мамандары әлі күнге дейін оның өлімінің себебі жөнінде ортақ шешімге келе алмауда. Алайда, осы жолы Ресей мамандары Палестина лидерінің өз ажалынан өлгеніне толық сенімді. «Ясир Арафат радиация әсерінен емес, өзінің ажалынан қайтыс болған… Бұған қатысты швейцариялықтар өршелене мәлімдеме жасап еді, бірақ олар кейін біздің тұжырымымызбен келісіп, райларынан қайтты, француздар да біздің ұйғарымымызды қолдады», – деді баспасөз мәслихатында Владимир Уйба.
Бұдан бұрын Ясир Арафаттың жесірі Суха Арафат ерінің уланып өлтірілгенін жоққа шығарған француз сот-медициналық сараптамасының қорытындысымен келіспейтінін алға тартып, оның нәтижелерін қайта қараттыратынын мәлімдеген болатын. Сол кезде марқұмның қанында радиоактивті полоний-210 элементінің биологиялық үлгідегі құрамы көтеріңкі екенін тапқан швейцариялық дәрігерлер анықтамасымен француз мамандарының тұжырымы сәйкес келмей қалған.
Палестиналықтар 2004 жылы Париждегі госпитальдардың бірінде кенеттен қайтыс болып кеткен Арафаттың өлімін әлі күнге дейін Израиль арнайы қызметінен көреді. Ал Тель-Авив мұндай айыптауды мойындап отырған жоқ.
Айдар Өрісбаев.
Дереккөз: Ria.ru
Фото: Dw.de