• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Қоғам 24 Ақпан, 2021

Қазақстанда барлық ақша аударымдарына салық салынатыны рас па?

529 рет
көрсетілді

Желіде «Қазақстанда барлық ақша аударымдарына салық салынады» деген жалған ақпарат тарады, деп хабарлайды Egemen.kz stopfake.kz сайтына сілтеме жасап.

Жақын арада банктік мобильді қосымшалар арқылы барлық ақша аударымдарына салық салынады деген хабарламалар қазақстандықтардың алаңдаушылығын тудырды. Бұл туралы танымал RasTime YouTube арнасының жүргізушісі мәлімдеді.

Ол жеке тұлғаларға арналған ақша аударымдарына салық салу жүйесін әзірлеуге шақырған ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Әлихан Смайыловтың сөзіне сүйенеді.

Ролик авторының айтуынша, салық аударым сомасы мен мақсатына қарамастан алынады. Қаржы министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарды.

Әлихан Смайыловтың кәсіпкерлердің қызметін немесе сатылған тауарлар үшін ақша аударымдарын салық салумен қамту қажеттігі туралы айтқаны рас. Бұл шара тек заңды тұлғаларға ғана қатысты болады.