Біріккен Араб Әмірліктерінде Жаңа жылға қар сатылып жатыр. Бұл туралы Segodnya.ua хабарлады.
Жергілікті балалардың барлығы делік ақ ұлпа қарды өмірлерінде көрмеген. Ал қарсыз оларға мерекелік көңіл-күй сыйлау тағы қиын. Қыста ауа температурасы ары барғанда +20 градусты құрайын бұл елде жасанды қарға деген сұраныс өте жоғары. Және бұл сұранысты қанағаттандыру мақсатында белсенді жұмыс жүргізіп келе жатқан «Desert Snow» компаниясы кез-келген үйдің ауласын қармен толтырып беруге дайын. Олардың 40 қар шығаратын құрылғысы, аққалалар мен бір орман салуға жететін жасанды шыршалары бар.
Ауладағы жердің 5 шаршы метріне қар төсетуге 1400 доллар жұмсалады екен. Алайда, компанияның осы айдың өзінде ғана 3,75 тоннаға жуық қар сатып үлгергенін ескерсек, БАӘ тұрғындарының мұндай қызық үшін ақша аямайтындарын аңғаруға болады.
Айдар Өрісбаев.
Дереккөз: Segodnya.ua
Фото: Rebenok.by