Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЗК-169/5 мекемесінде Қылмыстық кодекстің 188-бабы 3-бөлігімен жазасын өтеп жатқан азаматқа қысқа мерзімді кездесуге келген танысының сәлемдемесінің арасынан есірткі шықты, деп хабарлайды Egemen.kz
Мекеме қызметкерлері кездесуге келген азаматтың сәлемдемесін тексеру барысында «State Line» темекісінің қорабына нығыздалып салынған 27 дана жасыл түсті, өткір иісті шөп шыққан. Жедел түрде 102 нөміріне хабарланып, мекемеге Қызылорда қалалық Полиция басқармасының жедел-тергеу тобы шақыртылды.
Тәркіленген зат бойынша сот сараптама жұмыстары тағайындалып, табылған шөптің салмағы 20,22 грамм болатын кептірілген марихуана екені дәлелденді. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 297-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.