• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Қоғам 24 Ақпан, 2021

Сақтандыру нарығының ахуалы қандай?

348 рет
көрсетілді

2020 жылы болған ауыр қаржылық дағдарысқа қарамастан отандық сақтандыру нарығы біршама өсім көрсеткен. Нақтырақ айтқанда, 23,2 пайызға өсім байқалған. Азаматтар өз өмірін сақтандыруға көп мән бере бастапты.

Нарықтың бұл саласындағы жағдай туралы Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы зерттеу жасаған. Былтыр сектордың таза сақтандыру сыйлық ақылары 12,1 пайызға ұлғайып, 473,8 млрд теңгені құрады, ал таза сақтандыру төлемдері 2,7 пайызға немесе 101,2 млрд теңгеге дейін қысқарған. Сыйақының өсуі сектор табысының еселеп артуына серпін берді. Нәтижесінде сектор табысы 458,1 млрд теңгеге дейін көбейген.  Сақтандыру және инвестициялық қызметтер әсері ғана емес, сақтандыру төлемдерінің азаюы да (оның ішінде карантин шектеулеріне байланысты және сақтандыру төлемдерінің төмендеуі себепті) сектор табысының өсе түсуіне ықпалын тигізген. Бұл ретте таза пайда – 114,2 млрд теңге. 2019 жылмен салыстырғанда 45,7 пайызға жоғары. Инвестициялық табыстың 76,8 млрд-тан 128,0 млрд теңгеге дейін ұлғаюы сектор пайдасының өсуіне ықпалын тигізген.

«Сектор активтерінің құрылымында ең көп үлесті бағалы қағаздар алады (барлық активтердің 69 пайызы). Бағалы қағаздар портфелінің өсуі (+33 пайыз) және оның оң валюталық қайта бағалануы сектордың инвестициялық қызметтен түсетін кірісінің ұлғаюына (+67 пайыз) алып келді» делінген қауымдастық ақпарында.

Бір қызығы қызметтердің жаппай онлайн форматқа көшуі дәл осы сақтандыру секторына оң әсерін тигізіпті.