• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Туризм 25 Ақпан, 2021

Жалған турагент жауапқа тартылды

189 рет
көрсетілді

Оралдық ерлі-зайыпты өткен жылы шетелге қыдырып қайтпақ болып, туристік агенттікке ақысын төлегенімен, соңы сергелдеңге айналған. Жақында сот алаяқ турагентті жазаға тартты.

Оқиға 2019 жылдың шіл­де айында болған. Ерлі-зайып­тылар Орал қаласындағы ту­рис­тік агенттіктерінің біріне жүгінеді. Жасалған келісім­шартқа сәйкес, олар қыркүйек айының 9-16 аралығында Са­мара қаласынан ұшу арқылы Түр­кияның Анталия курортына тур жоспарлаған. Турдың құ­ны 481 980 теңгені толық құрайды. Алайда Самара қала­сының халықаралық Курумоч әуежайында оралдық турис­тер көрсетілген рейстің жолау­шылар тізімінде жоқ екен­дігі анықталады. Әуежай менед­жері агенттіктің электронды билетт­ері қолдан жасалған деп мәлімдейді.

Оралға қайтып келген ерлі-зайыпты агенттіктің иесіне талап-хат жіберген. Алайда туро­ператордың кінәсінен сая­хат­тың шырқы бұзылды дегенді алға тартқан олар кінәсін мо­йын­дамайды. Полиция бөлі­міне жолданған өтініш те еш нәтиже бермейді. Өтініш тіркелгенімен, келісімшарттық қа­тынастарға сілтеме жасалып, қараусыз қалдырылады.

Осыдан кейін саяхатшылар сотқа жүгінуге мәжбүр бол­ды. Орал қаласының №2 соты азамат­тық істі қарау кезін­де «К» жеке кәсіпкері турис­тік агент­тердің мемлекеттік элек­трон­дық тізіміне енгізілмегенін анықтады. Сонымен қатар, нақты құжаттардың орнына жауапкер талапкерлерге жалған туристік пакет берген. Атап айтқанда, туроператордың «Sanmar» ваучері, ал ваучердің төменгі жағында «Space Travel» туроператоры деп көрсетілген. Нақты жолдамаларда екі түрлі оператордың аты-жөні болмауы және түпнұсқада берілуі керек. Сонымен бірге турпакетке ақы төлеу кезінде қолма-қол түбіртек беріліп, фискалды түбіртек берілмеген.

Компанияның жауабы­на қара­ғанда «К» жеке кәсіп­кері олармен ешқашан ынты­мақ­тастық туралы келісім жаса­маған болып шықты. Экс­кур­сияға ұсынылған құжаттар түпнұсқа бола алмайтындығы анықталды. Өйткені «Sanmar» туроператорында өзіндік жол­дама­лар бар, оны өзгерту мүм­­кін емес болатын. Осы дә­лел­дер жинала келе, турис­тік қызметтерді көрсету келі­сім­шарты жалған деп танылды. Келісімшарт бойынша төлем­нің барлық сомасын және сот шығындарын өндіру туралы талап қанағаттандырылды.

Өз кезегінде сот турагенттің іс-әре­кетінде қылмыстық құ­қық бұзушылықтың бар-жоқ­­ты­ғын бағалау үшін Орал қала­­сының прокуроры­на,­­ ­сон­дай-ақ агенттік қыз­ме­ті­­нің заңдылығын тексеру­ үшін Мемлекеттік кіріс­тер­ де­партаментіне хабарла­ма жол­даған болатын. Осы же­ке қаулылар бойынша Мем­ле­кет­тік кірістер департаменті сотталушыны әкімшілік жауап­кершілікке тартты, ал прокуратура алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бас­тап, оның материалдары сотқа жіберілді. «Бүгінде Орал қала­лық сотының үкімімен турис­тік компанияның иесі алаяқ­тық қылмысы бойынша кінәлі деп танылып, 4 жыл мер­зімге бас бостандығы шек­телді. Ол жазасын өтеудің бар­лық кезеңінде жылына 100 сағат мәжбүрлі жұмысқа тартылады», дейді Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз хатшысы Нұргүл Қанатбаева.

 

Батыс Қазақстан облысы