Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің бесінші отырысында карантин кезіндегі «Білім» тарифінің жетістіктерін айтып өтті, деп хабарлайды Egemen.kz
«Мобильді операторлардың «Білім» тарифі карантин уақытында қашықтан оқытуға кеңінен жол ашты. Соның арқасында Қазақстанның 600 білім беру ресурсын шектеусіз пайдалануға мүмкіндік туды», дейді Мемлекет басшысы.