• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Президент 25 Ақпан, 2021

2024 жылы аудан әкімдерінің тікелей сайлауын өткізу керек - Президент

323 рет
көрсетілді

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің бесінші отырысында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің бесінші отырысында Мемлекет басшысы елімізді демократияландыруға және жергілікті басқару институтын нығайтуға қатысты ойымен бөлісті. 

«Келесі маңызды қадам – аудан әкімдерінің тікелей сайлауы. Мен бұл сайлауды 2024 жылы өткізу керек деп санаймын. Осы бастама елімізді демократияландыруға және жергілікті басқару институтын нығайтуға елеулі үлес қосады деп сенемін», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев