Астана мен Ақмола облысында ауа райына байланысты бірінші ауысымдағы оқушылар мектепке бармайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«26 ақпан күні ауа райының қолайсыздығына байланысты қала мектептерінің бірінші ауысымындағы 0-9 сынып оқушылары үшін сабақ қашықтан оқыту форматына ауысады», деді қалалық Білім басқармасынан.
Сондай-ақ ауа райына байланысты 26 ақпанда Көкшетау қаласындағы бірінші ауысымдағы 1-11 сынып оқушылары қашықтықтан оқиды.