• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
28 Желтоқсан, 2013

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бұйрығы №503

350 рет
көрсетілді

2013 жылғы 30 қазан              Астана қаласы

Шетелде болған кезеңде Қазақстан Республикасының аумағына кіруге құқық беретін құжаттарын жоғалтқан Қазақстан Республикасының азаматтарын өткізу пункттерінде ұстау қағидаларын бекіту туралы

2013 жылғы 30 қазан              Астана қаласы

Шетелде болған кезеңде Қазақстан Республикасының аумағына кіруге құқық беретін құжаттарын жоғалтқан Қазақстан Республикасының азаматтарын өткізу пункттерінде ұстау қағидаларын бекіту туралы

«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы» 2013 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 35-бабының 4-тармағына сәйкес бұйырамын:

1. Қоса беріліп отырған Шетелде болған кезеңде Қазақстан Республикасының аумағына кіруге құқық беретін құжаттарын жоғалтқан Қазақстан Республикасының азаматтарын өткізу пункттерінде ұстау қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның ресми түрде жариялануын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрық алғашқы ресми түрде жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Комитет Төрағасы       Н.ӘБІҚАЕВ.

Қазақстан Республикасы ҰҚК Төрағасының 2013 жылғы 30 қазандағы № 503 бұйрығымен бекітілген

Шетелде болған кезеңде Қазақстан Республикасының аумағына кіруге құқық беретін құжаттарын жоғалтқан Қазақстан Республикасының азаматтарын өткізу пункттерінде ұстау қағидалары

1. Шетелде болған кезеңде Қазақстан Республикасының аумағына кіруге құқық беретін құжаттарын жоғалтқан Қазақстан Республикасының азаматтарын өткізу пункттерінде ұстау қағидалары Қазақстан Республикасының аумағына кіруге құқық беретін құжаттарын шетелде болу кезеңінде жоғалтып алған Қазақстан Республикасының азаматтарын өткізу пункттерінде ұстау тәртібін белгілейді.

2. Шетелде болған кезеңде Қазақстан Республикасының аумағына кіруге құқық беретін құжаттарын жоғалтқан Қазақстан Республикасының азаматтары әкімшілік тәртіпте ұсталған адамдардың санатына жатпайды және өткізу пунктінде ерікті түрде қалдырылады.

3. Шетелде болған кезеңде Қазақстан Республикасының аумағына кіруге құқық беретін құжаттарын жоғалтқан Қазақстан Республикасының азаматтары өткізу пункттерінде жабық орындарға, үй-жайларға (объектілеріне), сондай-ақ шетелге баратын көлік құралдарына кіруіне мүмкіндік бермейтін орындарда шекаралық нарядтың бақылауында ұсталады.

Өткізу пункттерінің жабық орындарына, үй-жайларына (объектілеріне) шекаралық, кедендік бақылаудың режимдік зоналары мен бақылау органдарының бөлімшелері орналасатын қызметтік үй-жайлар жатады.

4. Шетелде болған кезеңде Қазақстан Республикасының аумағына кіруге құқық беретін құжаттарын жоғалтқан Қазақстан Республикасының азаматтарына қатысты Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (бұдан әрі – ҚР ҰҚК ШҚ) әскери қызметшілері Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ақпараттық жүйелерін пайдалана отырып, олардың жеке басын анықтау бойынша іс-шараларды жүргізеді.

Шетелде болған кезеңде Қазақстан Республикасының аумағына кіруге құқық беретін құжаттарын жоғалтқан Қазақстан Республикасының азаматтарын анықтау бойынша іс-шараларды жүргізу кезінде олар санитарлық-тұрмыстық жағдайлары бар (отыратын орын, дәретхана) жолаушыларға арналған залдарда болады және бажсыз сауда дүкендеріне, тамақтану және медициналық-санитарлық көмек көрсету пункттеріне еркін бара алады.

Бұл ретте шетелде болған кезеңде Қазақстан Республикасының аумағына кіруге құқық беретін құжаттарын жоғалтқан Қазақстан Республикасының азаматтарынан жауап алуды ҚР ҰҚК ШҚ әскери қызметшілері жазбаша түрде жүргізеді. Адамдардың сауалнамалық деректері басқа жеке құжаттарынан, олар болмаса – тексерілушінің ауызша айтқанынан жазылады.

5. Шетелде болған кезеңде Қазақстан Республикасының аумағына кіруге құқық беретін құжаттарын жоғалтқан Қазақстан Республикасының азаматтарына ҚР ҰҚК ШҚ лауазымды тұлғалары жеке басты анықтайтын құжаттарды алу үшін, ақпарат алуға, байланыс құралдарына, соның ішінде факсимильді немесе электронды байланысқа рұқсат беруге көмек көрсетеді.

6. Егер бір тәулік ішінде келген адамның жеке басы анықталмаған жағдайда, осы адамға қатысты «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы» 2013 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңында көзделген шаралар жүзеге асырылады.

Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылғы 9 желтоқсанда Нормативтік құқықтық келісімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 8939 болып енгізілді.

Соңғы жаңалықтар