• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 26 Ақпан, 2021

Елімізде сұйытылған газдың бағасын уақытша реттеу тоқтатылады

171 рет
көрсетілді

Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі Қазақстанда сұйытылған газдың бағасын уақытша реттеу тоқтатылатыны мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz

ҚР Президенті жанындағы Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия отырысының 2020 жылғы 30 наурыздағы хаттамасының 8.2-тармағына сәйкес Энергетика министрлігіне Ұлттық экономика министрлігімен және Әділет министрлігімен бірлесіп, автогаз құю станцияларында автокөліктерге құюға арналған сұйытылған мұнай газын өткізуге уақытша мемлекеттік баға реттеуді енгізу бойынша шаралар қабылдау тапсырылды.

Осылайша, «Автогаз құю станцияларында автокөлікке құюға арналған сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізудің шекті бағаларын белгілеу туралы» бұйрық қабылданып, 2020 жылғы 3 сәуірде Әділет министрлігінде № 20293 болып тіркелген.

Бұйрық автогаз құю станцияларында автокөлікке құюға арналған сұйытылған мұнай газын өткізуге уақытша мемлекеттік бағалық реттеу шеңберінде қабылданғандықтан, сондай-ақ кәсіпкерлік қызметті қолдау мақсатында «Автогаз құю стансаларында автокөлікке құюға арналған сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізудің шекті бағаларын белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2020 жылғы 3 сәуірдегі № 125 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 3 сәуірдегі № 22 бірлескен бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» ҚР Энергетика министрінің 2021 жылғы 23 ақпандағы № 61 бұйрығы қабылданып, әділет органдарында тіркелді.

«Атамекен» ҰКП салалық қауымдастықтармен бірлесіп, кәсіпкерлерді қолдау мақсатында мемлекеттік органдарға бұйрықтың қолданылу мерзімін анықтау бойынша бірнеше рет ұсыныс жасаған болатын. Бұйрықтың қолданылу мерзімі ұзартылған жағдайда, кәсіпкерлер қызметкерлерінің қысқару тәуекелі туындауда.

Осы бұйрыққа сәйкес бұйрықтың соңғы мерзімі 2021 жылдың 1 наурызына дейін белгіленді. Еске салсақ, өткен жылы 7 қазаннан бастап сұйытылған мұнай газын (СМГ) автомобиль көлігімен әкетуге үш жыл мерзімге тыйым салынған еді.